Kaspi QR - Қазақстанда сатып алу | Vendmarket KZ

Kaspi QR

Бір нәтиже көрсетілген

Сатып алушы кодты сканерлейді, автомат тауарды береді, ақша сіздің шотыңызға түседі. Қалта аралап ұсақ ақша іздеудің енді қажеті жоқ. Вендинг автоматтар мен кофемашиналарға QR-төлемді қосамыз: Kaspi QR, Halyk QR және бірыңғай QR (кез келген банк қосымшасынан төлеу). Көп жағдайда автоматты ауыстырудың қажеті жоқ: қосу желі мен баптаулар арқылы жүреді.

Не аласыз

  • 24 сағатта қосу: үйлесімділікті тексереміз, эквайрингіңізбен интеграцияны баптаймыз және сынақ төлемімен тексереміз;
  • жеке кабинет: әр автомат бойынша түсім мен сатылымдар, Telegram-да ақаулар туралы хабарландырулар (су немесе стақан таусылса, бірінші сіз білесіз);
  • төлем өтіп, тауар берілмесе, автоматты қайтарым.

Сізден не қажет: нүктеде интернет (Wi-Fi немесе SIM-карта), ЖК немесе ЖШС деректемелері, автомат баптауларына қол жеткізу және оның моделі. Банк картасымен (Visa, Mastercard) төлеу үшін aQsi Cube терминалдары бар: олар «Төлем терминалдары» бөлімінде. Толығырақ qr.vendmarket.kz сайтында.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосу қанша тұрады? Бірыңғай прайс жоқ: баға автоматтар санына, модельге және эквайрингіңізге байланысты. WhatsApp-қа жазыңыз, есептеп, шарттарды сол күні айтамыз.

Автоматты ауыстыру керек пе? Көп жағдайда жоқ, аппарат бұрынғы күйінде қалады.

Қандай QR қолдау көрсетіледі? Қазақстанда Kaspi QR, Halyk QR және бірыңғай QR; Қырғызстанда Odengi.

Ақша шотқа қашан түседі? Төлем секундтарда расталады, ал есепке жатқызу банк-эквайеріңіздің регламентіне сай жүреді.

Карталарды қабылдауға бола ма? Иә, ол үшін aQsi Cube терминалы бар: Visa және Mastercard.